«Астана Тазалық» пен iKOMEK 109 өзара іс-қимылды күшейтеді

22 қаралым

«Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Альберт Есалиев Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы iKOMEK 109 басшысының орынбасары Арыстанбек Маженовпен кездесті.

Кездесу барысында қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштерді жедел қарау, кері байланысты жетілдіру және коммуналдық қызметтердің өзара іс-қимылын одан әрі күшейту мәселелері талқыланды.

iKOMEK 109 – елорда тұрғындарының қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер бойынша өтініштерін қабылдап, олардың орындалуын тиісті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтермен бірлесіп бақылайтын бірыңғай байланыс арнасы. Орталық тәулік бойы жұмыс істеп, жылына 300 мыңнан астам инциденттің орындалуын бақылауда ұстайды.

«Астана Тазалық» үшін тұрғындардан келетін кері байланыс күнделікті жұмыстың маңызды бөлігі саналады. Өтініштердегі ақпарат нақты аумақтағы жағдайды бағалауға, жұмыс барысына қосымша назар аударуға және қажетті шараларды уақытылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Кездесуде, әсіресе, қысқы кезеңдегі жұмыстардың жеделдігі, елорда көшелерін қардан тазалау, қызмет көрсету сапасын бақылау және тұрғындар өтініштеріне уақытылы әрекет ету бағыттары сөз болды.

Бүгінде iKOMEK жүйесі арқылы келіп түскен өтініштер тіркеліп, тиісті қызметтерге жолданады және белгіленген мерзімде орындалуы бақыланады. Өтініш иелеріне нәтижесі туралы кері байланыс ұсынылады.

Біз үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Себебі сапалы кері байланыс нақты мәселелерді уақытылы анықтап, жұмысымызды жетілдіруге және елорда тұрғындары үшін қолайлы әрі таза қалалық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Астана Тазалық» ЖШС
Қоғаммен байланыс және баспасөз департаменті

Ұқсас жаңалықтар