Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі

№ 727, Астана, 01.06.2026

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелін талдауды жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелін талдауды жүргізудің үлгілік ережелері (бұдан әрі - ІСЖТ) (2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 түзетуімен), 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 ІСЖТ жүргізудің әдістемелік ұсыныстары және 2026 жылғы 31 наурыздағы «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен бекітілген Астана қаласындағы квазимемлекеттік ұйымдарда ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелін талдауды жүргізу кестесі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» төртінші үлгілік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде. БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Астана Тазалық» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қызметіне соңғы 12 ай ішінде келесі бағыттар бойынша кешенді бағалау жүргізу:

    • Талданатын субъектінің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    • Талданатын субъектінің ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  2. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жұмыс тобын құру және оның құрамын бекіту.

  3. Серіктестік қызметін кешенді бағалауды жүргізу мерзімі 2026 жылдың 1 маусымынан 13 шілдесіне дейін белгіленсін.

  4. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Серіктестік қызметін кешенді бағалауды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.А. Пашановқа жүктелсін.

  6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бас директор А. Есалиев

Орындаушы Г.А. Каримов

Тел. +77755616282