Санитарлық тазалау

Елорданы үнемі санитарлық күтіп ұстау біздің жұмысымыздың маңызды бағыты болып табылады. Жыл сайын қаланы механикаландырылған, қолмен және квартал сайын көшелерді тазалау арқылы күтіп ұстайды.

«Астана Тазалық» ЖШС елорданың көшелері мен қоғамдық аумақтарын жыл бойы санитарлық тазалауды қамтамасыз етеді. Жұмыстар маусымдық және ауа райы жағдайларын ескере отырып ұйымдастырылады. Кәсіпорында шамамен 1 500 қызметкер жұмыс істейді, ал арнайы техника паркі 428 бірлікті құрайды.
Кәсіпорынның қызмет көрсету аймағына жалпы ұзындығы шамамен 268 км болатын 182 көше кіреді. 2025–2026 жылдардағы қысқы кезеңде елорданы уақтылы әрі сапалы тазалауды қамтамасыз ету үшін күн сайын 600-ден астам арнайы техника және 750-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қысқы маусым барысында елорда аумағынан 2,2 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Көктем-жаз: көшелер мен тротуарлар құмнан, шаңнан және қоқыстан тазаланып, сыпыру, жуу және суару жұмыстары жүргізіледі.
Күз: жапырақтар, бұтақтар мен қоқыс жиналып, арықтар мен қоғамдық аумақтар тазаланады.
Қыс: көшелер мен тротуарлар қар мен мұздан тазартылып, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі, қар арнайы полигондарға шығарылады.