Компания тарихы

«Астана Тазалық» ЖШС – Астана қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін, қаланың коммуналдық инфрақұрылымындағы маңызды кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 28-1076 қаулысы негізінде құрылып, Астана қаласының Әділет басқармасында тіркелген.
Кәсіпорынның құрылтайшылары ретінде Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ атынан және «Астана Горкоммунхоз» АҚ болды.
Бүгінде «Астана Тазалық» ЖШС елорданың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асырады. Кәсіпорын Астана қаласының барлық аудандарында қоқысты жинау және шығару, көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер өткелдерін және басқа да қоғамдық кеңістіктерді қолмен және механикаландырылған тәсілдермен тазалау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның қызмет көрсету аумағына қалаға іргелес аумақтар мен елді мекендер де кіреді.

Санитарлық тазалау қызметтерінің негізгі тапсырыс берушілері – Астана қаласының аудан әкімдіктері:
· «Алматы» ауданы;
· «Есіл» ауданы;
· «Сарыарқа» ауданы;
· «Байқоңыр» ауданы;
· «Сарайшык» ауданы;
· «Нұра» ауданы.
Кәсіпорынның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті материалдық-техникалық база қалыптастырылған. Оның құрамына Ақжол көшесі, 49 мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 16 490,6 м² өндірістік база, А. Молдағұлова көшесі, 1А мекенжайындағы жалпы ауданы 2 648,07 м² әкімшілік ғимарат және 419 бірліктен тұратын арнайы коммуналдық және автомобиль техникасының паркі кіреді.
«Астана Тазалық» ЖШС өз қызметін шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру қағидаттары негізінде жүзеге асырады. Кәсіпорынның қызметі мемлекеттік немесе қалалық бюджеттен тікелей қаржыландырылмайды.
Қазіргі уақытта «Астана Тазалық» ЖШС елорданың тұрақты санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге, қалалық ортаның тазалығы мен жайлылығын сақтауға және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды атқаратын негізгі коммуналдық кәсіпорындардың бірі болып табылады.