Білім мен біліктілікке басымдық: «Астана Тазалық» қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламасы аяқталды
2026 жылдың 7 қазаны мен 29 қарашасы аралығында «Зерде» оқу орталығында «Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Бастапқыда 9 бағыт бойынша жоспарланған бағдарлама қызметкерлердің кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес 11 бағытқа дейін кеңейтілді. Жалпы 175 қызметкерді оқыту көзделсе, оның 149-ы білімін жетілдірді.
Оқытудың соңғы кезеңі 29 қарашада Microsoft Excel бағдарламасы бойынша өткен сабақтармен аяқталды. Оған кәсіпорынның 16 қызметкері қатысып, бағдарламаның орта және жоғары деңгейлерін меңгерді. Оқуды сәтті аяқтаған мамандарға сертификаттар табысталды.
Excel бағдарламасын меңгеру қызметкерлерге деректерді жүйелеуге, есептеулерді автоматтандыруға, кестелер мен есептерді жылдам әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс уақытын үнемдеп, міндеттерді орындау тиімділігін арттырады. Кәсіпорында қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Астана Тазалық» ЖШС
БАҚ-пен жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті