«Астана Тазалық» ЖШС-не жаңа бас директор тағайындалды

Компания жаңалықтары 5 қаралым

Елордадағы «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры қызметіне Есалиев Альберт Темірболатұлы тағайындалды.

Альберт Темірболатұлы еңбек жолын білім беру саласында бастап, кейін мемлекеттік қызметте түрлі басшылық лауазымдарда абыройлы еңбек етті.

2011–2022 жылдары жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтер атқарып, аудан әкімінің орынбасары және аудан әкімі лауазымдарында жұмыс істеді.

2022–2024 жылдары «Астана Innovations» АҚ-да қаржы және тәуекелдерді басқару бағыттарына жетекшілік етті.

2024 жылдан бастап «Астана Тазалық» ЖШС-де материалдық-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасар, кейін бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар