«Астана Тазалық» – 18 жыл: елорда тазалығының артындағы еңбек

17 қаралым

Бүгін – «Астана Тазалық» ұжымы үшін айтулы күн. Кәсіпорынның құрылғанына 18 жыл толып отыр.

Астананың әрбір таза көшесі, әрбір ретке келген аумағының артында күн сайын тынымсыз еңбек етіп жүрген жүздеген маман бар.

Қақаған аязда да, аптап ыстықта да, қарлы боран мен жаңбырда да өз міндетін адал атқарып жүрген жұмысшыларға, жүргізушілерге, инженерлерге, шеберлерге және барлық қызметкерлерге шынайы алғыс білдіремін!

Сіздердің еңбектеріңіз елорданың жайлылығы мен көркіне тікелей үлес қосады. Таңмен таласа жұмысқа кірісіп, қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру – үлкен жауапкершілік пен қажыр-қайратты талап етеді.

Астана тұрғындарына да үндеуіміз бар:

Қаланың тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Қоқысты арнайы орындарға тастап, қоғамдық орындарды таза ұстап, еңбек адамын құрметтеу арқылы астанамыздың көркеюіне өз үлесімізді қосайық.

«Астана Тазалық» ұжымына мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке және жаңа жетістіктер тілеймін!

Ұқсас жаңалықтар