Астана Тазалық» қызметкерлері оқыту курстарынан өтуде

16 қаралым

«Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату және жұмыс сапасын жетілдіру мақсатында арнайы оқыту курстары ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында кәсіпорынның 175 қызметкерін 9 бағыт бойынша оқыту жоспарланған.

Қазіргі уақытта жоспарланған бағыттардың үшеуі бойынша сабақтар өткізілді. Атап айтқанда, қызметкерлер еңбек заңнамасы, салық салу және бухгалтерлік есеп бойынша білімдерін жетілдірді. Оқу барысында мамандар өздерінің кәсіби қызметінде маңызды рөл атқаратын негізгі талаптармен танысып, күнделікті жұмыс барысында қажетті білімдерін толықтырды.

Алдағы апталарда оқыту бағдарламасы жалғасып, қызметкерлерге жасанды интеллект құралдарын қолдану, электрондық құжат айналымы және тиімді коммуникациялар бойынша арнайы дәрістер өткізіледі. Бұл бағыттар қызметкерлердің заманауи технологияларды меңгеруіне, жұмыс үдерістерін оңтайландыруына және ұжым ішіндегі өзара байланысты нығайтуына мүмкіндік береді.

Оқыту бағдарламасы кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби дамуына және жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Әсіресе, цифрлық технологияларды меңгеру мен электрондық құжат айналымын тиімді пайдалану қазіргі заманғы еңбек талаптарына бейімделуде маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, оқыту курстары қараша айының соңына дейін жалғасады. Бағдарлама аяқталғанға дейін 175 қызметкерді қамту жоспарланып отыр.

«Астана Тазалық» ЖШС

БАҚ-пен жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті

Ұқсас жаңалықтар