«Астана Тазалық» қызметкері Президенттің Алғыс хатымен марапатталды
Компания жаңалықтары
5 қаралым
Елордадағы «Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметкері Қымбат Қомытова Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат мемлекеттік маңызы бар жұмыстарға қосқан үлесі үшін табысталды. Атап айтқанда, Қымбат Қомытова Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын әзірлеуге, сондай-ақ оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысты.
Алғыс хатта Қымбат Қомытованың азаматтық ұстанымы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.