Ақпарат саласындағы әріптестік байланыс нығая түсті

292 қаралым

Бүгін «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Альберт Темірболатұлы белгілі журналист, ақпарат саласының білікті маманы Ержан Байтілестің жаңа қызметіне барып, құттықтап қайтты.

Ержан Айтөреұлының журналистикадағы кәсіби жолы «Ана тілі», «Egemen Qazaqstan» секілді ұлттық басылымдармен тығыз байланысты. Сондай-ақ Мемлекет басшысының баспасөз қызметінде жауапты лауазымдар атқарып, ақпарат саласында мол тәжірибе жинақтады.

Бүгінде ол еліміздің жетекші басылымдарын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры қызметіне кірісті.

Кездесу барысында ақпарат саласындағы өзекті мәселелер, заманауи медианың дамуы және кәсіби тәжірибе алмасу бағыттары талқыланды.

«Астана Тазалық» ЖШС
Қоғаммен байланыс және баспасөз департаменті

Ұқсас жаңалықтар