30.04.2026 «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы: Астанада еріктілер бұлақ көздерін қоқыстан арылтты. qrnews.kz Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара барысында «Астана Тазалық» мекемесінің 50 қызметкері мен 50 ерікті күш біріктіріп, бұлақ көздерін ашу және айналаны қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Толығырақ
27.04.2026 «Мөлдір бұлақ»: Астанада 3 шақырым аумақ тазартылып, қоқыс жиналды. kaz.inform.kz Шара барысында қатысушылар 3 шақырым аумақты тазалап, бұлақ маңын қоқыстан арылтты, деп хабарлайды «Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметі. Толығырақ
27.04.2026 Астанада ағаш отырғызуға арналған экологиялық акция өтті. Телеканал 24kz «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына коммуналдық қызмет мамандарынан бастап дәрігерлер мен студенттерге дейін түрлі кәсіп иелері қатысты. Бұл бастама елорданы көгалдандыру жолындағы кезекті қадам болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар, әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Акцияларға қатысу арқылы студенттер табиғатқа ұқыпты қарауды үйреніп, қоршаған ортаға деген жеке жауапкершілігін түсінеді. Толығырақ
27.04.2026 Астанада бұлақ көздерін тазартуға бағытталған экологиялық акция өтті egemen.kz Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – бұлақ көздерін ашу, оларды тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz. Толығырақ
25.04.2026 Экологиялық акция өткізу туралы меморандумға қол қойылды. Qazaqstan TV Елордада коммуналдық қызметкерлердің бастамасымен студенттер мен дәрігерлердің қатысуымен экологиялық акция өтті. Шара аясында түрлі сала мамандары бірлесіп, жүзден астам көшет отырғызып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Бұл акция енді дәстүрге айналмақ. Себебі мекемелер арасында ортақ меморандумға қол қойылды. Шырша мен қарағайдан бөлек, бастамашыл топ жаз мезгіліне қарай мыңға жуық гүл отырғызуды жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамды біріктіріп қана қоймай, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Толығырақ
25.04.2026 Елордада жасыл желекті көбейтуге бағытталған акция өтті Egemen Qazaqstan Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ерекше шара өтті. «Астана Тазалық» ЖШС, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұжымдары бірлесіп ағаш отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz. Толығырақ
25.04.2026 Жүзден аса адам елорданы көгалдандыруға атсалысты Tizgin.kz Астанада «Астана Тазалық» компаниясының бастамасымен, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығымен бірлесіп, ауқымды ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz. Толығырақ
25.04.2026 Астана жасыл қалаға айналуда: дәрігерлер, мұғалімдер және коммуналдық қызмет мамандары «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуда. ElordaInfo Астанада «Астана Тазалық» ЖШС қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық жедел медициналық жәрдемді үйлестіру орталығымен бірлесіп, ағаш отырғызуға арналған экологиялық акция өткізді. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қалалық ортаны абаттандыруға бағытталған кезекті қадам болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Толығырақ
25.04.2026 «Таза Қазақстан» бір күндік акция емес: Астанада жүзден аса адам бірігіп, тал екті TIZGIN Толығырақ
01.04.2026 «Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорны елорда тазалығына цифрлық технологияларды енгізуде. Astana TV «Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорны елорданы тазалау жұмыстарына цифрлық технологияларды енгізуде. Кәсіпорын басшылығы бұл туралы қысқы маусым қорытындысын шығару барысында мәлімдеді. Қазіргі таңда жұмыста қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін «Med365» және «AdalCheck» жүйелері қолданылады. Сонымен қатар, арнайы техника жүргізушінің жағдайын бақылау жүйесімен жабдықталған: камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын, қозғалыс бағытын және шаршау белгілерін тіркейді. Толығырақ
01.04.2026 Астаналық тазалықшыларға баспананың алғашқы жарнасы табысталды. Қазақстан телеарнасы Коммуналдық сала мамандары елордадан баспаналы болады. «Астана Тазалық» мекемесі тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлеп, қызметкерлеріне осындай қолдау көрсетіп жатыр. Жұмысшылардың алды 15 млн теңгенің сертификатына ие болды. Тақырыпты тілші тарқатады. Таңсәріден басталған тазалық жұмыстары тәулік бойы тоқтамайды. Оған күн сайын 600-ден астам техника мен шамамен 750 қызметкер жұмылдырылады. Марат Көпенұлы коммуналдық салада 16 жылдан бері көлік жүргізіп келеді. Елордада баспанасы болмағандықтан, ауылдан қатынап жұмыс істейді. Толығырақ