Экологиялық акция өткізу туралы меморандумға қол қойылды.
Елордада коммуналдық қызметкерлердің бастамасымен студенттер мен дәрігерлердің қатысуымен экологиялық акция өтті. Шара аясында түрлі сала мамандары бірлесіп, жүзден астам көшет отырғызып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Бұл акция енді дәстүрге айналмақ. Себебі мекемелер арасында ортақ меморандумға қол қойылды. Шырша мен қарағайдан бөлек, бастамашыл топ жаз мезгіліне қарай мыңға жуық гүл отырғызуды жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамды біріктіріп қана қоймай, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.