«Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорны елорда тазалығына цифрлық технологияларды енгізуде.
«Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорны елорданы тазалау жұмыстарына цифрлық технологияларды енгізуде. Кәсіпорын басшылығы бұл туралы қысқы маусым қорытындысын шығару барысында мәлімдеді. Қазіргі таңда жұмыста қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін «Med365» және «AdalCheck» жүйелері қолданылады. Сонымен қатар, арнайы техника жүргізушінің жағдайын бақылау жүйесімен жабдықталған: камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын, қозғалыс бағытын және шаршау белгілерін тіркейді.