Астана жасыл қалаға айналуда: дәрігерлер, мұғалімдер және коммуналдық қызмет мамандары «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуда.
Астанада «Астана Тазалық» ЖШС қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық жедел медициналық жәрдемді үйлестіру орталығымен бірлесіп, ағаш отырғызуға арналған экологиялық акция өткізді. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қалалық ортаны абаттандыруға бағытталған кезекті қадам болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.