Астаналық тазалықшыларға баспананың алғашқы жарнасы табысталды.

Қазақстан телеарнасы 23 қаралым

Коммуналдық сала мамандары елордадан баспаналы болады. «Астана Тазалық» мекемесі тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлеп, қызметкерлеріне осындай қолдау көрсетіп жатыр. Жұмысшылардың алды 15 млн теңгенің сертификатына ие болды. Тақырыпты тілші тарқатады. Таңсәріден басталған тазалық жұмыстары тәулік бойы тоқтамайды. Оған күн сайын 600-ден астам техника мен шамамен 750 қызметкер жұмылдырылады. Марат Көпенұлы коммуналдық салада 16 жылдан бері көлік жүргізіп келеді. Елордада баспанасы болмағандықтан, ауылдан қатынап жұмыс істейді.

Дереккөзді оқу

Ұқсас жаңалықтар