«АСТАНА ТАЗАЛЫҚТА» ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ АТАЛЫП ӨТТІ
«Астана Тазалық» ұжымы кәсіпорын қызметкері, ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазын ерекше азаматтық белсенділігі үшін құттықтады.
Меңдібай Әлімғазы ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараға қатысу мақсатында Астанадан Алматы қаласына дейін жүгіріп барып, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Оның бұл бастамасы ел ісіне деген жауапкершіліктің, азаматтық ұстанымның және белсенді қоғамдық көзқарастың жарқын үлгісі болды.
Ұзақ қашықтықты бағындырып, Алматыға дейін жүгіріп барған қызметкердің бұл әрекеті тек спорттағы жетістік емес, сонымен қатар ел өміріне бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі.
«Астана Тазалық» ұжымы Меңдібай Әлімғазыға алғыс білдіріп, ел игілігі жолындағы белсенділігі үшін құрмет көрсетті.
Меңдібай Әлімғазының табандылығы мен ел ісіне қосқан үлгі боларлық үлесі — әр азаматтың туған еліне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған өнегелі бастама.