«Астана Тазалық» ұжымы әріптесіне сәттілік тіледі

Компания жаңалықтары 19 қаралым

«Астана Тазалық» ұжымы әріптесіне сәттілік тіледі

«Астана Тазалық» мекемесінде Байқоңыр ауданы бойынша санитарлық тазалау учаскесінің атқарушы директоры қызметін атқарған Қасымов Ғизат Жұмағұлұлы өз еңбек жолын аяқтады.

Ғизат Жұмағұлұлы мекеме жұмысына өз үлесін қосып, қаланың тазалығы мен санитарлық жағдайын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға белсене атсалысты.

Ұжым атынан Ғизат Жұмағұлұлына атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы өмірі мен еңбек жолына зор денсаулық, толағай табыс, жаңа мүмкіндіктер мен сәттілік тілейміз!

Жаңа бастамаларыңыз жемісті болып, әр қадамыңыз сәттілікке бастасын!

Ұқсас жаңалықтар