«Астана Тазалық» қызметкерлері кәсіби біліктілігін арттырды: 11 семинар ұйымдастырылды

7 қаралым

«Астана Тазалық» кәсіпорнында қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру және жұмыс тиімділігін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

2026 жылдың 7 қазаны мен 29 қарашасы аралығында «Зерде» оқу орталығында кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 11 оқыту семинары ұйымдастырылды. Оқыту бағдарламаларына барлығы 149 қатысу тіркелді. Кейбір қызметкерлер бірнеше бағыт бойынша білімін жетілдірді.

Семинарлар барысында кадрлық іс жүргізу, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі өзгерістер, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік және салықтық есеп, құжат айналымы, цифрлық технологиялар мен басқарушылық коммуникациялар тақырыптары қамтылды.

Сонымен қатар қызметкерлер жасанды интеллектіні қолдану, Microsoft Excel бағдарламасының орта және жоғары деңгейлері, 1С:ЗУП жүйесі бойынша практикалық білімдерін жетілдірді. Бұл бағыттар жұмыс үдерістерін оңтайландыруға, құжаттармен жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және күнделікті міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта қазан және қараша айларында 11 түрлі оқыту семинарын ұйымдастырдық. Бағдарламаларды әзірлеу кезінде әр бөлімнің жұмыс ерекшеліктері мен мамандардың кәсіби қажеттіліктері ескерілді. Әсіресе жасанды интеллект, Excel, 1С:ЗУП, еңбек заңнамасы және мемлекеттік сатып алу бағыттарына басымдық берілді.

Оқытуға 149 қатысу тіркелді. Бұл – мамандардың білімін жетілдіруге деген қызығушылығының көрсеткіші. Біздің мақсатымыз – тек теориялық білім беру емес, алынған тәжірибені күнделікті жұмыс үдерісіне енгізу арқылы әр қызметкердің кәсіби әлеуетін дамыту», – деді «Астана Тазалық» HR департаментінің директоры Дина Айтжановна Мұханова.

Оқытуға кәсіпорынның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары, кадр қызметі, бухгалтерия, заңгерлер, IT мамандары, мемлекеттік сатып алу және техникалық бағыттағы қызметкерлер қатысты.

Мұндай оқыту бағдарламалары қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, заңнамадағы өзгерістерді уақытылы меңгеруге, жаңа технологияларды жұмыс барысында тиімді пайдалануға және кәсіпорын қызметінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

«Астана Тазалық» ЖШС

БАҚ-пен жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті

Ұқсас жаңалықтар