«Astana Innovations» пен «Astana Tazalyq» цифрландыру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

18 қаралым

«Astana Tazalyq» ЖШС жұмыс үдерістеріне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін кезең-кезеңімен енгізіп, арнайы техниканың жұмысын бақылау және өндірістік процестерді тиімді басқару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы бағыттағы тәжірибені одан әрі дамыту мақсатында «Astana Innovations» пен «Astana Tazalyq» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Негізгі мақсат – заманауи цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу арқылы жұмыс сапасы мен тиімділікті арттыру, сондай-ақ елорданың санитарлық тазалығын басқару үдерістерін жетілдіру.

Ұқсас жаңалықтар