Су тасқынына қарсы шаралар

Көктемгі қардың еруі кезеңінде қаланың жекелеген аумақтарын су басу қаупі артады. Осыған байланысты еріген қар суын уақытылы сору және ықтимал су басудың алдын алу мақсатында кешенді су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

Негізгі міндет — еріген және жауын-шашын суларын үздіксіз бұруды қамтамасыз ету, су бұру инфрақұрылымын алдын ала дайындау және су басу қаупі бар жерлерге жедел ден қою.

Негізгі жұмыстар

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында: су басқан және су басу қаупі бар аймақтардағы судан тазалау; тұрғын алаптардағы су басқан аумақтардан арнайы ассенизаторлық техниканың көмегімен суды шығару; су басу қаупі бар аймақтарды инертті материалдармен нығайту және төсеу; тұрғын алаптар мен басқа да аумақтардан қарды арнайы қар полигондарына шығару жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыстарды ұйымдастыру

Су тасқынына қарсы іс-шаралар қардың белсенді еру кезеңіне дейін алдын ала жүргізіледі. Жұмыстар бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес ұйымдастырылып, елорданың әр ауданындағы жағдай мен су бұру инфрақұрылымының ерекшеліктері ескеріледі.

Әсіресе су басу қаупі жоғары аумақтарға, жеке секторға, тұрғын алаптарға, әлеуметтік нысандарға, сондай-ақ арық-науа және нөсер кәрізі желілерінің өткізу қабілеті төмен учаскелерге ерекше назар аударылады.