«Астана Тазалық» қызметкерлері арасындағы спартакиада қорытындыланды

10 қаралым

«Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлері арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған спорттық додаға компанияның басқару аппараты, Есіл, Сарыарқа, Нұра, Сарайшық және Алматы аудандарының командалары қатысты.

Жарыс бағдарламасына футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату және арқан тарту спорт түрлері енгізілді. Қатысушылар әр сайыста өзара бақ сынап, командалық бірлік пен спорттық шеберліктерін көрсетті.

Жалпы командалық есеп бойынша Сарайшық ауданы I орынды, Есіл ауданы II орынды, ал Нұра ауданы III орынды иеленді.

Сонымен қатар Әкімшілік басқару аппараты мен Гаражды техникалық департаментінің қызметкерлері шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан I орынға ие болды.

Спартакиада аясында ерлер мен әйелдер арасында 36 номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, футбол және волейбол ойындарының үздік қатысушылары да жеке марапатталды.

Марапаттау рәсімінде «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Альберт Темірболатұлы Есалиев жарысқа қатысушыларды құттықтап, спорттың ұжымдық рухты нығайтудағы маңызын атап өтті.

«Астана Тазалық» ЖШС

БАҚ-пен жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті

Ұқсас жаңалықтар