«Астана Тазалық» қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Іс-шаралар
45 қаралым
16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Астана Тазалық» ЖШС ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады.
Салтанатты іс-шара барысында кәсіпорынның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерге алғыс білдіріліп, арнайы сертификаттар табысталды. Бұл марапаттар – олардың адал еңбегі мен жоғары жауапкершілігіне берілген баға.
Бүгінде «Астана Тазалық» қызметкерлері елорданың тазалығы мен көркеюі үшін күн сайын еңбек етіп келеді. Олардың еңбегі – қала тұрғындарына қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.