«Таза Қазақстан – Таза Астана»: Астана күніне орай БАҚ өкілдері арасында байқау жалғасуда.
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жалғасуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Астана күні аясында өткізіледі.
