«KazTraffic-2025» Астанада жол саласының көшбасшыларын және инновациялық технологияларды жинады.
EXPO халықаралық көрме орталығында ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен «Kaztraffic-2025» XXI халықаралық көрмесі ашылды. Іс-шараның ашылуында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров бұл алаңның ел мен өңірдің көлік саласының болашағын талқылайтын маңызды халықаралық форумға айналғанын атап өтті.
