Елордадағы «Астана Тазалық» кәсіпорнының цифрлық шешімдерін Бішкек мамандары меңгеруде.
JAS QAZAQ газеті
97 қаралым
Елордадағы «Астана Тазалық» ЖШС коммуналдық компаниясының цифрлық әзірлемелері Қазақстанда ғана емес, шетелде де қызығушылық тудырып отыр. Тәжірибе алмасу аясында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласынан Астанаға делегация келіп, кәсіпорында енгізілген технологиялық шешімдермен танысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.