Астананың цифрлық шешімдері Бішкек мамандарының қызығушылығын тудырды.
Елордадағы «Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорны енгізген цифрлық шешімдер Қазақстанда ғана емес, шетелде де қызығушылық тудырып отыр. Тәжірибе алмасу аясында Астанаға Қырғыз Республикасының Бішкек қаласынан келген делегация кәсіпорында енгізілген технологиялық шешімдермен танысты, деп хабарлайды Alash.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.