Астанада «Kaztraffic-2025» халықаралық көрмесі өтіп жатыр
Астанада осымен 21-ші рет «Kaztraffic-2025» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараға Қытай, Ресей, Түркия және Франция секілді 10-нан астам елден 300-ден аса компания қатысуда. Әлемге әйгілі жол-құрылыс техникасы, материалдар мен инновациялық жабдықтардың бәрін «Kaztraffic» көрмесінен байқауға болады. Алаңда отандық және шетелдік жетекші компания өкілдері саланы дамытуға бағытталған өз шешімдерін ұсынып жатыр.
