Астанада 20 елдің сарапшыларымен жол саласының болашағы талқыланды.
Астанада «Kaztraffic-2025» көрмесі аясында «Жолдар және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады. Биыл конференция жол саласының жетекші ғалымдары мен инженерлерін, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдерін біріктірген, саланың ең ірі кәсіби іс-шараларының бірі ретінде маңызды кәсіби алаңға айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
