«Астана Тазалық» KazTraffic-2025 көрмесінде инновацияларды таныстырды.
Елордада жол құрылысына, көлік инфрақұрылымына және заманауи технологияларды енгізуге арналған ірі салалық шаралардың бірі – XXI халықаралық «KazTraffic-2025» көрмесі өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында «Астана Тазалық» ЖШС де бар, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
