«Астана Тазалық» «KazTraffic-2025» көрмесінде цифрлық шешімдерін таныстырды
«Астана Тазалық» ЖШС көрмеде қаланы тазалау жұмыстарының цифрлық трансформациясын – GPS бақылауын, жанармай шығынын, цифрлық жол парақтарын және маршруттарды оңтайландыруға арналған талдауды біріктіретін мониторинг жүйесін таныстырып отыр. Қазіргі таңда жүйе қалалық автопарктегі 440 арнайы техникада қолданылып, есептілікті автоматтандыру және жанар-жағармай материалдарының шығынын ашық бақылау бағытында тиімділігін дәлелдеді.