САҒЫНОВ Замир Садықұлы
Бас директор
Өмірбаяны
Жұмыс жолын жол шебері қызметінен бастады. 1990-2002 жылдар аралығында жол саласында бас инженер, бас маман, басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 2002-2004 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы, Қазтал ауданы әкімінің қызметін атқарды. 2005-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінде көлік инфраструктурасын дамыту Комитетінде басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы, Көлік және коммуниция Министрлігінің жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 2014-2019 жылдары Инновация және дамыту бойынша Министірінің Кеңесшісі және жауапты хатшы лауазымдарында еңбек етті. 2019 жылдан бастап Жол активтері сапасының ұлттық орталығының бас директоры қызметін атқарды. “Құрметті жолшы” құрмет белгісі, “Ерен еңбегі үшін” медалі иегері.
2024 жылдың 29 наурызынан бастап “Астана Тазалық” ЖШС-нің бас директоры қызметіне тағайындалды.
ҚАЛМАХАМБЕТОВ Саян Тоқтығұлұлы
«Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары
Өмірбаяны
2023 жылдың 6 ақпанынан бастап «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
Еңбек жолын ҰҚҚ қызметкері болып бастады. 2005-2006 жылдары Алматы қаласы «АММТП» РМК инженері, 2006-2008 жылдары Алматы қаласы «Атамекен Холдинг» ҚӨТ АҚ директорының заң мәселелері жөніндегі орынбасары.
2009-2011 жылдары «Алматы» қаласының өңірлік қаржы орталғы» АҚ ұйысдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, кейіннен әкімшілік-ұйымдастырушылық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2012-2013 жылдары Астана қаласы «Электронпост.KZ» ЖШС аймақтық дамыту директоры, 2013-2019 жылдары Астана қаласы «Электронпост.KZ» ЖШС аймақтық дамыту директоры, 2019-2023 жылдары «Мемсараптама» РМК Әкімшілік-шаруашылық бөлімнің бас маманы, кейіннен бөлім жетекшісі болып қызмет атқарды.
ҚАЛЫМОВ Ерлан Бақытұлы
«Астана Тазалық» ЖШС бас директордың орынбасары
Өмірбаяны
2024 жылдың 19 маусымынан бастап «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2009 жылы еңбек жолын жол участкесінің шебері болып бастаған. 2010 жылдың 2 тамызынан бастап «Құрылыс консалтинг ұлттық орталығы» АҚ ШҚ облыстық филиалының техникалық қадағалау инженері, 2012 жылдың маусым айына дейін ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті ММ жұмыс жасады.
2012-2014 жылдары Қазақстан Республики Көлік және коммуникация Министрілігінің Автомобиль жолдары Комитеті сыртқы займдар басқармасында сарапшы, кейін бас сарапшы болып жұмыс істеді.
2014-2022 жылдар аралығында «КазАвтоЖол» ҰК АҚ әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасады.
2023 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы бойынша “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК филиалының директоры болып қызмет атқарды.
ДӘУЛЕТОВ Ален Талғатұлы
«Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары
Өмірбаяны
2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолы 2008 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің атташесі, ІІІ хатшысынан бастаған.
2010 жылы Қазастан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің сарапшысы, 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бас сарапшысы, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ақпарат басқармасының басшысы, 2012-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму комитетінің инвестициялық ынтымақтастық басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2015-2019 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары және директоры қызметін атқарды.
2019-2023 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс жасады.