Кикбокстен өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері “Астана тазалық” мекемесінде жұмысшы болып істейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары­­­ның жылы»- деп жариялағаны баршаға мәлім. Мұндағы мақсат  жұмыс­шы маман­дықтарын дәріптеу арқы­лы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау.

Наурыз айының 6-11 аралығында Италияның  Лидо ди Езоло қаласында өткен әлем  кубогынан қазақстан құрамасы қатысты. Аталмыш жарысқа 46 мемлекеттен 429 спортшы қатысып, жүлдеге таласты.

Сол жеңімпаздардың арасында біздің «Астана Тазалық» мекемесінде абыройлы жұмыс істеп жүрген  Бибарыс Сауханбек те қола жүлде иегері атанып отыр.

Бибарыс Сауханбек – Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Кикбоксингпен айналысқанына 14 жыл болды.

 

 

 

 

 

 

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы
  • Анапа қаласында өткен Әлем кубогының жеңімпазы
  • 2020 жылы Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы
  • 2021 жылы Италияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері
  • 2023 жылы Португалияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері
  • 2024 жылы Үндістанда өткен India Open жарысының жеңімпазы
  • 2025 жылы Италияда өткен Әлем кубогының қола жүлдегері

Сонымен қатар, бірнеше халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы.
Осындай, үлкен жетістіктері бар жас спортшыны марапаттау үшін, «Астана Тазалық» мекемесінің Бас директоры Замир Садықұлы Бибарыстың иығыңа шапан жауып, пәтер кілтін алуға 10 млн теңгеге сертификат сыйлады.

  • Күні бүгінге дейін аренада 130-дан астам кездесу өткізген чемпионымызды спорттағы жанкүйерлері «Сұлтан Бибарыс» деп атайды. Мысыр елін мойындатқан Бейбарыс бабаң секілді бүкіл дүниежүзіне қазақты таныт. Осы лақап атын жандандыру үшін Қазақ елінен қолдаушысы бар екенін танытатын, Тудың суреті бейнеленген шапанды иығыңа жабуды жөн санадық. Әр жекпе-жегінде артында елі оған үміт артып, қолдап отыр деген ниетте қабыл ал, – дейді «Астана Тазалық» мекемесінің бас директоры З.Сагинов.

 Сонымен қатар, «Астана Тазалық» мекемесінде арнайы техника жүргізушісі болып қызмет атқаратын әкесі – Кенжежан Сауханбекұлына еліне деген патриоттық сезімі бар тұлға тәрбиелегеніне алғыс айтып, алғыс хат ұсынды.

Бибарыстың ағасы, Сауханбек Жансерік Кенжежанұлы да «Астана Тазалық» мекемесінде қызмет етеді және жастайынан еркін күреске қатысып, түрлі республикалық жарыстардың жүлдегері атанды.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.

«Астана Тазалық» баспасөз қызметі: +7 700 259 2188 – Қымбат