Хабарландыру 

Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің «№1 лот  Орталық алаң көшелерін механикаландырып тазалау» бойынша ашық конкурсын өткізуіне байланысты, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен конкурсқа бірлесіп қатысу үшін «Астана-Тазалық» ЖШС ынтымақтастықты ұсынады.

 

№1 Лот:  Әлеуетті Өнімберушілер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Қажетті материалдық және еңбек қорларының болуы.
  • Аралас жол машинасы / суару машинасы / соқа және щетка жабдығы бар суару машинасы – 8 бірлік.
  • Қозғалтқышының қуаты кемінде: 80 а.к. бар трактор СЩЖ-мен – 5 бірлік.
  • Жүк көтергіштігі: 14-15 тонналық самосвал – 5 бірлік.
  • Жүк көтергіштігі: 20 тонналық және одан жоғары самосвал – 3 бірлік.
  • Автогрейдер – 1 бірлік.
  • Алдыңғы жүктиегіш – 3 бірлік.

Еңбек қорлары:

  • Жол жұмысшылары (кемінде) – 15 бірлік.

 

  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның» 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы.
  2. Өнімберуші 6 АЕК асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, банкроттық немесе тарату рәсімі туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынады.

Ұсынылатын құжаттардың тізімі:

– біліктілігі туралы мәліметтер

(материалдық және еңбек қорларының тізімі);

– тех.төлқұжаты;

– техниканы жалға алу шарты;

– еңбек шарты және жұмыскердің жеке куәлігі;

 

Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын Астана қаласының, «Байқоңыр» ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 49/2, мемлекеттік сатып алу бөліміне (2-қабат) тапсыруы тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 22 тамызы, сағат 17.00.

Хабарландыру 

Астана қаласының «Нұра» ауданы әкімдігінің «Көшелерді ағымдағы күтіп ұстау және тазалау, сондай-ақ қоқыстарды, қарды және құрылыс қалдықтарын шығару қызметтері» бойынша ашық конкурсын өткізуіне байланысты, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен конкурсқа бірлесіп қатысу үшін «Астана-Тазалық» ЖШС ынтымақтастықты ұсынады.

№1. Лот:  Әлеуетті Өнімберушлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1.Қажетті материалдық және еңбек қорларының болуы.

    Материалдық қорлар:

  • Шағын жүктиегіш – 2 бірлік.
  • Шөмішінің сыйымдылығы кемінде: 1,7 м3 алдыңғы жүктиегіш – 2 бірлік.
  • Жүк көтергіштігі 14-15 тонналық самосвал – 3 бірлік.
  • Самосвалдың жүк көтергіштігі 20 т. және жоғары – 1 бірлік.
  • Автогрейдер – 1 бірлік.
  • Трактор қозғалтқышының қуаты: 80 а.к. кем емес СЩЖ-мен – 1 бірлік.

Еңбек қорлары:

  • Жол жұмысшылары (кемінде) – 15 бірлік.
  1. 2. «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның» 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы.
  2. 3. Өнімберуші 6 АЕК асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, банкроттық немесе тарату рәсімі туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынады.

Ұсынылатын құжаттардың тізімі:

– біліктілігі туралы мәліметтер

(материалдық және еңбек қорларының тізімі);

– тех.төлқұжаты;

– техниканы жалға алу шарты;

– еңбек шарты және жұмыскердің жеке куәлігі;

 

 

Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын Астана қаласының, «Байқоңыр» ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 49/2, мемлекеттік сатып алу бөліміне (2-қабат) тапсыруы тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 22 тамызы, сағат 17.00.

«Астана Тазалық» қысқа дайын!


«Астана Тазалық» ЖШС суық түссімен жолдар мен көпірлерді тазалаудың қысқы кезеңіне шығады. Күздік-қысқы кезеңге дайындық алғашқы қар жауғанға дейін, алдан ала басталады: арнайы техника жөнделіп, дайындалады, құм-тұздық қоспаның қорын жасауға дайындық жүргізіледі. Техникаға маусымдық -техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі, қысқы мамандандырылған аспалы жабдық орнатылады. Жауын –шашын болған кезде асфальттық жабындарды жинау көпірлерден, жолдардан, көше қиылыстарынан, аялдамалардан, мектеп және ауруханаларға апаратын жолдардан басталады. «Астана Тазалық» кәсіпорнының барлық көліктері ақаусыз, қысқы уақыттағы жұмысқа толық дайын.
Алдағы қыс кезеңінде қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатымен, өзінің 381 бірлік техникасының және 300 бірлік жалға алынатын көлігінің шығуы алдын ала ескерілген. Кәсіпорынның барлық арнайы техникасы GPS-навигация жүйесімен қамтамасыз етілген. GPS-диспетчері де тәулік бойы, үздіксіз жұмыс істеп отырады. Операторлар арнайы техниканың жұмыстарын реттеп, жолдардағы жағдайларға үнемі мониторинг жасап отырады. Сонымен қатар, біз мобильдік қосымшада чат ашып, ол көшелерді жинаудың барлық жұмыстарын бақылап отыруға мүмкіндік берді.
2022 жылы жалпы жинау алаңы: 7,6 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде қаланың 219 көшесі, әуежай мен теміржол вокзалына дейінгі жолдар; қалалық алаңдар: «Ақ Орда», «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана» мешіттері; көпірлер және т.б. «Астана Тазалық» ЖШС қарамағындағы аудандарда орналасқан Астана қаласы бойынша екі: «Сарыарқа» және «Алматы» базалары бар. «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының қалалық аумақтарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және жүргізу үшін, іс-шаралар мен бағдарларының тірек сызбалары әзірленді.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы саны: 1 230 адам, қысқы кезеңде жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны: 1 800 адамға жетеді. Барлық көліктер жарамды, ақаусыз күйде жұмысқа дайын, жүргізушілер мен механизаторларды қосымша техникаға қабылдап алу үшін, іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудандардың бөлінісінде Серіктестікке бекітіліп, жиналатын алаңдар: «Алматы» ауданы – 51 %, «Есіл» ауданы – 45%, «Сарыарқа» ауданы – 47%, «Байқоңыр» ауданы – 42% құрайды. «Астана Тазалық» ЖШС 2022-2023 жылдардың қысқы маусымына толық дайын.

Қаржы пирамидаларына қарсы алдын ала науқан жүргізу аясында ЭТД қызметкерлерімен кездесу жүргізілді

2022 жылы 23 және 26 қыркүйекте Астана қаласының ЭТД қызметкерлері қаржы пирамидаларына қарсы алдын ала науқан жүргізу аясында «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Қаржы пирамидаларына қарсы тұру, әрекет жасау тақырыбы «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Белгілі болғандай, олардың кейбіреулері алаяқтардың айла-амалдарына тап болған. Зиянкестер «Жеңілдігі бар онлайн-несиелерді», «Төмен пайыздық мөлшерлемемен микроқарыздарды» ресімдейтін, сондай-ақ жылжымайтын мүлік сатып алуды және өз табыстарын, салған ақшалай қаражаттарын 70% – 100% дейін көбейтетін қызметтерді қашықтықтан жасауды ұсынған.

Қаржы пирамидасының негізін қалаушылар инвесторларға жоғары табыстылықты уәде етеді, ал оны ұзақ уақыт бойы қолдап отыру мүмкін емес. Және пирамиданың барлық қатысушыларының алдындағы міндеттемелерін өтеуі мүмкін еместігі алдын ала белгілі.

Қаржылық пирамидалар кез-келген ұйым ретінде шебер жасырылады. Көбінесе олар өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Өздерінің жарнамаларында олар: «Болашағы бар бизнес», «Жоғары технологиялық компания», «Инновациялық жоба» деген ұрандарды қолданады. Сондай-ақ, алаяқтар басқарушы компаниялар, тұтыну кооперативтері, букмекерлік кеңселер және т. б. болып жасырынады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пирамидалардың саны артып келеді. Сондықтан Сізді әртүрлі чаттарға, әлеуметтік желілердегі жалпы әңгімеге қосылуға шақырғанда сақ болыңыз. Сіз онлайн -пирамидаға кіріп кетуіңіз мүмкін!»,- деп ескертеді А. Асанова.

Егер Сіз пирамиданың құрбаны болып қалсаңыз, дереу Астана қаласының экономикалық тергеу департаментіне, Желтоқсан көшесі, 43 мекен-жайына хабарласуыңызды сұраймыз, телефоны: 87172-76-79-43.

https://www.instagram.com/p/Ci9tbwEKTgj/