🌟 “Астана Тазалық” — елорданың тазалығы мен жайлылығының кепілі 🌟

📅 KAZTRAFFIC көрмесіне шақырамыз
28-29 қарашада, 1002 стенд — бізбен кездесіңіз!

📍 Компания туралы:
“Астана Тазалық” — Қазақстандағы ең ірі коммуналдық компаниялардың бірі, күн сайын мыңдаған қызметкеріміз қаланың 453 км көшелерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді.

👷‍♂ Біздің команда:
Компанияда 2 мыңға жуық қызметкер бар, оның ішінде жол жұмысшылары, арнайы техника жүргізушілері мен инженерлік-техникалық қызметкерлер. Әр қызметкеріміз қаланың жайлы әрі таза болуы үшін өз үлесін қосады.

🚜 Арнайы техника:
500-ден астам заманауи арнайы техника: қар тазалау, суару, тиеу машиналары және тағы басқа құралдар жұмыс тиімділігін арттыруға және экологияға жағымды әсер етеді.

💼 Әлеуметтік қолдау:
Біз қызметкерлерімізге толық әлеуметтік пакет, тұрғын үй, оқыту, біліктілігін арттыру және тасымалдау қызметтерін ұсынамыз. Компания қайырымдылық жобалары мен спорттық іс-шараларға белсенді қатысады.

💡 Инновациялар және жоспарлар:
Қызмет сапасын арттыруға және экологияны қорғауға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізудеміз. “Астана Тазалық” қаланың көркейуінде маңызды рөл атқарады!

#kaztraffic2024 #astana #exibition #expo #Астанатазалық #ТазаҚазақстан #АстанаТазаҚала #ЖасылҚазақстан #Экология #Kaztraffic2024 #Көрме #Астана

№6 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Разбекова Ләззат Мұратқызы «Астана Тазалық» ұйымының жұмысшыларымен кездесу өткізді.

🔹№6 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Разбекова Ләззат Мұратқызы «Астана Тазалық» ұйымының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жұмысшылар кандидатқа өз сұрақтарын қойды.

Айта кету керек, №6 округ халқының 40%-ын қарапайым еңбек адамдары мен жұмысшы мамандары құрайды. Разбекова өз сөзінде Президенттің «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаларын басшылыққа ала отырып, жұмысшы мамандардың үнін билікке жеткізуді басты мақсат етіп қойғанын атап өтті. Кандидаттың басты ұраны – жұмысшылар мен билік арасында алтын көпір болу.

«Астана Тазалық» Республика күнімен құттықтады

    «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерді Республика күні мерекесімен құттықтады. Серіктестік директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерлан Бақытұлы, қала тазалығын қамтамасыз етуде үздіксіз еңбек еткен мамандарға алғысын білдірді. Құттықтау сөзінде ол ұжымға сәттілік тілеп, еліміз үшін атқарылып жатқан қызметтерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялай отырып, “Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек” деген тұжырымды ұсынды. “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” қағидаты еңбекқорлық пен кәсібилікті бағалауға бағытталған. Өз кәсібін шебер меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастырамыз,” – деді Президент өз жолдауында.

    Республика күні мерекесі 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғаннан бастап тойланып келеді. Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты символы болып табылады.

    «Астана Тазалық» ЖШС атынан барша қазақстандықтарды Республика күні мерекесімен құттықтаймыз! Егемендігіміз тұғырлы, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

 

#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала #Эк ология #ЖасылҚазақстан #РеспубликаКүні

«Астана Тазалық» ЖШС жол жұмысшысы III дәрежелі “Еңбек даңқы” орденімен марапатталды

     Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбек “Астана Тазалық” ЖШС жол жұмысшысы Бибігүл Төлегенқызы Мақұлбековаға мемлекеттік ІІІ дәрежелі “Еңбек даңқы” орденін табыстады.

    Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада қаланың дамуына, көркеюіне және тазалығын сақтау жұмыстарында үлес қосып, еңбек сіңірген әртүрлі саланың бірқатар мамандарына марапаттар табысталды.

    «Еңбек даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмысшылары мен қызметкерлері кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жемісті ұзақ жұмыс істегені үшін, сондай-ақ өндірістегі жоғары көрсеткіштері, еңбек өнімділігінің өсуіне және өнім сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал еткені үшін марапатталады.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері мәртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» наградасымен теңестіріледі.

    Бибігүл Төлегенқызы Мақұлбекова – «Астана Тазалық» ЖШС-де 2008 жылдың 1 қазанынан бері қызмет етіп келеді. Негізгі міндеті – «Сарыарқа» ауданы санитарлық тазалау учаскесінде жол жұмысшысы ретінде тазалықты қамтамасыз ету. Жалпы еңбек өтілі – 38 жыл. Қажырлы еңбегінің арқасында жауапты жұмыскер ретінде танылып, қызметіндегі міндеттерін сапалы орындап келеді. Әріптестер арасында да үлкен сый-құрметке ие. 

    Ағымдағы жылдың көктемінен бастап елімізде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, “адал адам – адал еңбек – адал табыс” құндылығын дәріптеу.

    Бибігүл ханымның бұл жетістігі – ұжымның барша еңбекқор қызметкерлеріне үлгі. Еңбек сүйгіш Бибігүл Төлегенқызы – біздің ұйымның нағыз мақтанышы!

“Астана Тазалық” ЖШС атынан Бибігүл ханымды жаңа жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

    

#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала #Экология #ЖасылҚазақстан #РеспубликаКүні #еңбекдаңқытөсбелгісі

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

«Астана Тазалық» ЖШС-і БАҚ өкілдері арасында жалпы жүлде қоры 3 млн. теңгені құрайтын байқау жариялайды.

       Мемлекеттік «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және шығару (көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, жүретін жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикаландырып тазалау); жауын-шашынға қарсы шаралар (жылжымалы сорғы қондырғыларының көмегімен су басқан аумақтардан суды шығару; елді мекендерден шыққан қарды арнайы қала сыртында орналасқан қар үйіндісі полигонына апарып төгу жұмыстары); «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.

                                                                                                                                                                                   Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, жеке авторлар мен блогерлер қатыса алады.

    Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) “Үздік телевизиялық материал”;
2) “Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым”;
3) “Баспа басылымындағы үздік мақала”;
4) “Интернет-басылымдағы үздік жарияланым”.

    Жүлде қоры — 3 миллион теңге

    Байқауға 2024 жылғы 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде шыққан жұмыстар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстар саны шектелмеген.

     Қазылар алқасының құрамын тәуелсіз комиссия ұсынады, оған қала коммуналдық қызметтер саласындағы сарапшылар мен мамандар және беделді журналистер кіреді. Жұмыстарды бағалау кезінде қазылар алқасы келесі талаптарды негізге алады:
1) берілген тақырыптың өзектілігі және сәйкестігі;
2) тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың шынайылығы;
3) баяндау стилі;
4) авторлық пайымның бірегейлігі.
Актуалдығы мен тақырыпқа сәйкестігі
Тереңдігі мен дәлдігі
Түпнұсқалығы мен стилі

Байқауға қатысу үшін материалдарды astana_tazalyk@mail.ru электронды поштасына жолдай аласыз.

Байланыс телефоны: +7 (778) 700 4324.

Жұмыстар 2024 жылдың 10 желтоқсанына дейін Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Байқау қорытындысы 2024 жылдың 11-13 желтоқсанында шығарылады.

#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала
#Экология #ЖасылҚазақстан #ЖурналисттерБайқауы

Елордамыз Астананың тазалығы – қоғам мәдениетінің көрінісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана қаласының тазалығына ерекше назар аударылып отыр. Бүгінгі күнде «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаладағы 226 көшенің тазалығына жауапты.

Биыл 16 жылдық мерейтойын атап өткен кәсіпорын 880-нен астам жүргізуші мен 650-ден астам жол жұмысшысын қамтиды. Олардың жұмысы қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған.

Жазда қоқыстан, қыста қардан тазалау – осы мекеменің негізгі міндеті. Қыста ауыр климаттық жағдайларға қарамастан жұмыс істеу – нағыз қажырлы еңбек. Және қыс маусымында кәсіпорын өз жұмысын екі есеге күшейтеді.

Тазалық мәдениетін дамыту үшін Астанада әрдайым жаңа шаралар өткізіліп, құрылыс қалдықтарының қала тазалығына әсері қатаң бақылауда. Бүгінде қалада экологиялық таза реагенттер қолданылып, жұмысшылардың еңбек жағдайлары да жақсаруда.

Серiктестiк директорының өндiрiс жөнiндегi орынбасары Ерлан Калымов:

«Қала бойынша ең ірі коммуналдық кәсіпорындардың біріміз. Көшелер мен тас жолдар, тротуарлардың тазалығын сақтау, қоқыстан тазарту, жуу, нөсер жауынға қарсы жұмыстар жүргізу, санитарлық тазалау – біздің міндетіміз. Сол үшін жол жұмысшылары, көлік жүргізушілері, инженерлік-техникалық құрамды, кеңсе мамандары және тағы да басқа қызметкерлерді қосқанда штатта 2000-дай адам еңбек етеді».

Елорда тазалығына жауапты мекеменің жұмысы – қаланың көркі мен тұрғындарымыздың жайлылығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

📰 Мақаланың толық нұсқасы:
https://www.astana-akshamy.kz/tang-atpastan-tazalap-koeshelerdi/

#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала
#Экология
#ЖасылҚазақстан
#АстанаАқшамыГазеті

Рубрика “Цифра дня”

Сегодня делимся важной цифрой — 2 368

📌 Это штатная численность сотрудников “Астана Тазалык”

Из них:
🔹 АУП: 35
🔹 ИТР: 207
🔹 Рабочие: 1 140
🔹 Водители и машинисты: 986

Эти специалисты работают 24/7, чтобы наша столица была чище и комфортнее! ✅

 

 

#АстанаТазалык #ЭкологическаяАкцияТазаҚазақстан #ТазаКазахстан #АстанаЧистыйГород #ЗеленыйКазахстан #Экология #Рабочие #Водитель #Машинист

Хабарландыру

Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімдігімен, «Алматы» ауданын механикаландырып – қолмен тазалау қызметтері» ашық конкурсына байланысты, «Астана-Тазалық» ЖШС Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен конкурсқа бірлесіп қатысу үшін ынтымақтастықты ұсынады.

 

№1. Лот:  Әлеуетті Өнімберушілер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Қажетті материалдық және еңбек қорларының болуы.

    Материалдық қорлары:

  • Шағынжүктиегіш – 1 бірлік.
  • Шөмішінің сыйымдылығы кемінде: 1,7 м3, алдыңғы жүктиегіші бар – 1 бірлік.
  • Жүккөтергіштігі: 14-15 тонналық самосвал – 3 бірлік.

Еңбек қорлары:

Жол жұмысшылары (кем дегенде) – 15 бірлік.

  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның» 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы.
  2. Өнімберуші 6 АЕК асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, банкроттық немесе тарату рәсімі туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынады.

Ұсынылатын құжаттардың тізімі:

– біліктілігі туралы мәліметтер

(материалдық және еңбек қорларының тізімі);

– тех.төлқұжаты;

– техниканы жалға алу шарты;

– жүргізушінің еңбек шарты және жеке басының куәлігі;

     Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын Астана қаласының, «Байқоңыр» ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 49/2, мемлекеттік сатып алу бөліміне (2-қабатқа) тапсыруы тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 21 тамызы, сағат 17.00.

 

 

Хабарландыру 

Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің «№2 лот  көшелерді механикаландырып тазалау» бойынша ашық конкурсын өткізуіне байланысты, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен конкурсқа бірлесіп қатысу үшін «Астана-Тазалық» ЖШС ынтымақтастықты ұсынады.

 

№2 Лот:  Әлеуетті Өнімберушілер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1.Қажетті материалдық және еңбек қорларының болуы.

Материалдық қорлар:

  • Жүк көтергіштігі: 14-15 тонналық самосвал – 5 бірлік.
  • Жүк көтергіштігі: 20 тонналық және одан жоғары самосвал – 3 бірлік.
  • Автогрейдер – 2 бірлік.
  • Шөмішінің сыйымдылығы кемінде 1,7 м3 алдыңғы жүктиегіш – 1 бірлік.

 

  1. «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның» 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы.
  2. 3. Өнімберуші 6 АЕК асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, банкроттық немесе тарату рәсімі туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынады.

Ұсынылатын құжаттардың тізімі:

– біліктілігі туралы мәліметтер

(материалдық және еңбек қорларының тізімі);

– тех.төлқұжаты;

– техниканы жалға алу шарты;

– еңбек шарты және жұмыскердің жеке куәлігі;

 

Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын Астана қаласының, «Байқоңыр» ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 49/2, мемлекеттік сатып алу бөліміне (2-қабат) тапсыруы тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 22 тамызы, сағат 17.00.