Бүгін елорда әкімдігі ғимаратының алдында Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек “Астана Тазалық” ЖШС ұйымының арнайы техникалары мен негізгі қызмет барысымен танысты.
“Астана Тазалық” ЖШС кәсіпорнының жалпы қызметкерлер саны — 1773 адамды құрайды. Оның ішінде 627 жол жұмысшылары, жүргізушілер мен машинистер – 742 адам.
Техникалар паркіндегі жалпы дайындық 95% құрайды. Қысқы маусымда қар шығару үшін қосымша 250 самосвал тартылды.
Дайындалған материалдар:
– Қармен күресу материалы — 8500 м³;
– Жанар-жағармай материалдары — дайындық 100%.
“Астана Тазалық” ЖШС-нің бас директоры Замир Садықұлы Сағынов қыс мезгілінде базада 385 техника бірлігі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ биыл жаңа техника сатып алынғанын және кейбір жабдықтар жалға алынғанын мәлімдеді:
- CJSS SCHMIDTH — 5 бірлік;
- SNOWBUSTER — 1 бірлік;
- СНП (қар тазалағыш техника) — 18 бірлік;
- КДМ VOLVO негізінде* — 2 бірлік;
- PONY-P4 (жалға алынған) — 10 бірлік;
- КДМ FAW негізінде (жалға алынған) — 10 бірлік.
Сондай-ақ, ол 8 КДМ үшін бюджеттен қаражат бөлінгенін және олардың 2-і Алматы қаласында, 1-і жолда екенін атап өтті.
Бұл техникалар әмбебап болып табылады: қыс кезінде олар қар тазалау үшін КДМ ретінде, ал жазда жол жуу үшін пайдаланылады.
“Биыл біз алғаш рет PONY-P4 техникасының 10 бірлігін жалға алдық , олар жыл бойы қолдануға арналған әмбебап көмекшілер. Қыс кезінде олар қар тазалау үшін КДМ ретінде, ал жазда жол төсемінен шаң мен қоқысты тазалау үшін пылесос ретінде пайдаланылады”, — деді Замир Сағынов.
Сонымен қатар, ол 1 бірлік Snowbooster техникасының да жалға алынғанын атап өтті.
“Жаз мезгілінде FAW негізіндегі КДМ жол жуу жүйесімен жабдықталады. Техника жағынды жабдықтармен, соның ішінде қаршық, щетка және реагент тарату құралдарымен жабдықталған”, — деп атап өтті.