«Астана Тазалық» компаниясына қатысты форсайт-сессия өтті

Бүгін 16 қараша, «Астана Тазалық» компаниясы “Көшелерді тұрақты күтіп ұстау” мәселесіне арналған форсайт-сессия өткізді. Іс-шараның мақсаты – қаланы тазалау жұмыстарының сапасын арттыруға арналған жаңа идеяларды талқылау, тиімді шешімдерді іздеу және компания қызметін одан әрі жетілдіру.

Форсайт-сессияға BI Group құрылыс холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев қатысып, қаланы тұрақты дамытудағы жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, урбанизация жағдайындағы инновациялық тәсілдердің рөлі туралы пайымдады.

Сонымен қатар, «Астана Тазалық» компаниясының бас директоры Сагинов Замир Садықұлы бұл іс-шараның компанияның дамуы үшін үлкен мүмкіндік екенін түсіндірді. Ұйымның даму жолында қолдануға болатын тиімді тәжірибелерді атап өтті.

Шарада Назарбаев Университетінің азаматтық құрылыс және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Чанг-Сон Шон да баяндама жасады. Ол қар мен мұзды тиімді басқару жолдарын, сондай-ақ көктайғаққа қарсы жаңа реагент материалдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Іс-шара барысында бизнес-ментор Терекұлов Ержан қатысушылармен бірге жаттығулар мен брейн-шторм ұйымдастырды.

Әкімшілік-басқару персоналы қала көшелерін тиімді күтіп ұстауға бағытталған нақты ұсыныстарын жасап, болашақтағы жоспарларды талқылады.

Айта кету керек, осындай іс-шаралар қаланы тазалау жүйесін жетілдіруге арналған маңызды қадамдардың бірі. Форсайт нәтижесі бірінші кезекте ұйымның жұмыс сапасын арттыруға, сондай-ақ қала тұрғындарының өмірін жайлы етуге бағытталған.