“Астана Тазалық”: 2 күнде 10 000 м³-ден астам қар шығарылды

“Астана Тазалық” серіктестігінің қызметкерлерімен 2024 жылдың 6 қарашасынан 2025 жылдың 2 қаңтарына дейін жалпы 547 000 м³ қар шығарылды.

2025 жылдың 1 және 2 қаңтарында жауын-шашынның су баламасы шамамен 5-10 мм-ді құрады, бұл қардың тығыздығына байланысты 5-10 см жаңа жауған қарға сәйкес келеді. Осы екі күннің ішінде 10 000 м³-ден астам қар шығарылды.

Тәулігіне орта есеппен 520 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде қар шығаруға арналған 220 самосвал қолданылды. Сонымен қатар, күн сайын 580-нен аса жол жұмысшылары қар тазалау жұмыстарын атқарды.

“Астана Тазалық” қызметкерлері сіздердің жайлылықтарыңыз үшін екі ауысы

мда яғни, 24/7 жұмыс атқаруда.