«Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерді Республика күні мерекесімен құттықтады. Серіктестік директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерлан Бақытұлы, қала тазалығын қамтамасыз етуде үздіксіз еңбек еткен мамандарға алғысын білдірді. Құттықтау сөзінде ол ұжымға сәттілік тілеп, еліміз үшін атқарылып жатқан қызметтерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялай отырып, “Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек” деген тұжырымды ұсынды. “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” қағидаты еңбекқорлық пен кәсібилікті бағалауға бағытталған. Өз кәсібін шебер меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастырамыз,” – деді Президент өз жолдауында.
Республика күні мерекесі 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғаннан бастап тойланып келеді. Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты символы болып табылады.
«Астана Тазалық» ЖШС атынан барша қазақстандықтарды Республика күні мерекесімен құттықтаймыз! Егемендігіміз тұғырлы, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала #Эк ология #ЖасылҚазақстан #РеспубликаКүні