Елордамыз Астананың тазалығы – қоғам мәдениетінің көрінісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана қаласының тазалығына ерекше назар аударылып отыр. Бүгінгі күнде «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаладағы 226 көшенің тазалығына жауапты.
Биыл 16 жылдық мерейтойын атап өткен кәсіпорын 880-нен астам жүргізуші мен 650-ден астам жол жұмысшысын қамтиды. Олардың жұмысы қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған.
Жазда қоқыстан, қыста қардан тазалау – осы мекеменің негізгі міндеті. Қыста ауыр климаттық жағдайларға қарамастан жұмыс істеу – нағыз қажырлы еңбек. Және қыс маусымында кәсіпорын өз жұмысын екі есеге күшейтеді.
Тазалық мәдениетін дамыту үшін Астанада әрдайым жаңа шаралар өткізіліп, құрылыс қалдықтарының қала тазалығына әсері қатаң бақылауда. Бүгінде қалада экологиялық таза реагенттер қолданылып, жұмысшылардың еңбек жағдайлары да жақсаруда.
Серiктестiк директорының өндiрiс жөнiндегi орынбасары Ерлан Калымов:
«Қала бойынша ең ірі коммуналдық кәсіпорындардың біріміз. Көшелер мен тас жолдар, тротуарлардың тазалығын сақтау, қоқыстан тазарту, жуу, нөсер жауынға қарсы жұмыстар жүргізу, санитарлық тазалау – біздің міндетіміз. Сол үшін жол жұмысшылары, көлік жүргізушілері, инженерлік-техникалық құрамды, кеңсе мамандары және тағы да басқа қызметкерлерді қосқанда штатта 2000-дай адам еңбек етеді».
Елорда тазалығына жауапты мекеменің жұмысы – қаланың көркі мен тұрғындарымыздың жайлылығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
📰 Мақаланың толық нұсқасы:
https://www.astana-akshamy.kz/tang-atpastan-tazalap-koeshelerdi/
#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала
#Экология
#ЖасылҚазақстан
#АстанаАқшамыГазеті