Хабарландыру
Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімдігімен, «Алматы» ауданын механикаландырып – қолмен тазалау қызметтері» ашық конкурсына байланысты, «Астана-Тазалық» ЖШС Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен конкурсқа бірлесіп қатысу үшін ынтымақтастықты ұсынады.
№1. Лот: Әлеуетті Өнімберушілер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- Қажетті материалдық және еңбек қорларының болуы.
Материалдық қорлары:
- Шағынжүктиегіш – 1 бірлік.
- Шөмішінің сыйымдылығы кемінде: 1,7 м3, алдыңғы жүктиегіші бар – 1 бірлік.
- Жүккөтергіштігі: 14-15 тонналық самосвал – 3 бірлік.
Еңбек қорлары:
Жол жұмысшылары (кем дегенде) – 15 бірлік.
- «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның» 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы.
- Өнімберуші 6 АЕК асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, банкроттық немесе тарату рәсімі туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынады.
Ұсынылатын құжаттардың тізімі:
– біліктілігі туралы мәліметтер
(материалдық және еңбек қорларының тізімі);
– тех.төлқұжаты;
– техниканы жалға алу шарты;
– жүргізушінің еңбек шарты және жеке басының куәлігі;
Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын Астана қаласының, «Байқоңыр» ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 49/2, мемлекеттік сатып алу бөліміне (2-қабатқа) тапсыруы тиіс.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 21 тамызы, сағат 17.00.