Хабарландыру
Астана қаласының «Нұра» ауданы әкімдігінің «Көшелерді ағымдағы күтіп ұстау және тазалау, сондай-ақ қоқыстарды, қарды және құрылыс қалдықтарын шығару қызметтері» бойынша ашық конкурсын өткізуіне байланысты, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен конкурсқа бірлесіп қатысу үшін «Астана-Тазалық» ЖШС ынтымақтастықты ұсынады.
№1. Лот: Әлеуетті Өнімберушлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1.Қажетті материалдық және еңбек қорларының болуы.
Материалдық қорлар:
- Шағын жүктиегіш – 2 бірлік.
- Шөмішінің сыйымдылығы кемінде: 1,7 м3 алдыңғы жүктиегіш – 2 бірлік.
- Жүк көтергіштігі 14-15 тонналық самосвал – 3 бірлік.
- Самосвалдың жүк көтергіштігі 20 т. және жоғары – 1 бірлік.
- Автогрейдер – 1 бірлік.
- Трактор қозғалтқышының қуаты: 80 а.к. кем емес СЩЖ-мен – 1 бірлік.
Еңбек қорлары:
- Жол жұмысшылары (кемінде) – 15 бірлік.
- 2. «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның» 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы.
- 3. Өнімберуші 6 АЕК асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, банкроттық немесе тарату рәсімі туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынады.
Ұсынылатын құжаттардың тізімі:
– біліктілігі туралы мәліметтер
(материалдық және еңбек қорларының тізімі);
– тех.төлқұжаты;
– техниканы жалға алу шарты;
– еңбек шарты және жұмыскердің жеке куәлігі;
Ашық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын Астана қаласының, «Байқоңыр» ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 49/2, мемлекеттік сатып алу бөліміне (2-қабат) тапсыруы тиіс.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 22 тамызы, сағат 17.00.