Бүгін елордада Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Qamqor-Astana» қоғамдық қоры Наурызнама тұжырымдамасы аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Бұл игі шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен халықтың рухани мәдениетін нығайтуға бағытталды. Акция аясында елорданың тазалығына жауапты « Астана Тазалық» қызметкерлері де белсенділік танытып, ұлттық дәстүр мен киім үлгілеріне қатысты танымдық викторинаға қатысты. Қатысушылар қазақтың ұлттық мұрасы жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, іс-шара ерекше әсерге толы болды.
Ұлттық киімді ұлықтау арқылы халықтың тарихи жады мен мәдени құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған бұл бастама көпшіліктің көңілінен шығып, жылы қабылданды.