Қаржы пирамидаларына қарсы алдын ала науқан жүргізу аясында ЭТД қызметкерлерімен кездесу жүргізілді

2022 жылы 23 және 26 қыркүйекте Астана қаласының ЭТД қызметкерлері қаржы пирамидаларына қарсы алдын ала науқан жүргізу аясында «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Қаржы пирамидаларына қарсы тұру, әрекет жасау тақырыбы «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Белгілі болғандай, олардың кейбіреулері алаяқтардың айла-амалдарына тап болған. Зиянкестер «Жеңілдігі бар онлайн-несиелерді», «Төмен пайыздық мөлшерлемемен микроқарыздарды» ресімдейтін, сондай-ақ жылжымайтын мүлік сатып алуды және өз табыстарын, салған ақшалай қаражаттарын 70% – 100% дейін көбейтетін қызметтерді қашықтықтан жасауды ұсынған.

Қаржы пирамидасының негізін қалаушылар инвесторларға жоғары табыстылықты уәде етеді, ал оны ұзақ уақыт бойы қолдап отыру мүмкін емес. Және пирамиданың барлық қатысушыларының алдындағы міндеттемелерін өтеуі мүмкін еместігі алдын ала белгілі.

Қаржылық пирамидалар кез-келген ұйым ретінде шебер жасырылады. Көбінесе олар өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Өздерінің жарнамаларында олар: «Болашағы бар бизнес», «Жоғары технологиялық компания», «Инновациялық жоба» деген ұрандарды қолданады. Сондай-ақ, алаяқтар басқарушы компаниялар, тұтыну кооперативтері, букмекерлік кеңселер және т. б. болып жасырынады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пирамидалардың саны артып келеді. Сондықтан Сізді әртүрлі чаттарға, әлеуметтік желілердегі жалпы әңгімеге қосылуға шақырғанда сақ болыңыз. Сіз онлайн -пирамидаға кіріп кетуіңіз мүмкін!»,- деп ескертеді А. Асанова.

Егер Сіз пирамиданың құрбаны болып қалсаңыз, дереу Астана қаласының экономикалық тергеу департаментіне, Желтоқсан көшесі, 43 мекен-жайына хабарласуыңызды сұраймыз, телефоны: 87172-76-79-43.

https://www.instagram.com/p/Ci9tbwEKTgj/